23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, бүгін Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы «Арман» спорт манежінде мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі мекемеаралық аудандық спартакиада өтті.

Аудан әкімінің қолдауымен өткен іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және теріс ағымдардың алдын алу. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев спортшы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Спартакиада аясында қатысушылар шағын футбол, гір тасын көтеру, қол күресі спорт түрлері бойынша сынға түсті:

Жарысқа аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мемлекеттік мекемелер, ауылдық округтерден құралған командалар қатысты.

Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен жекелеген қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бұл спартакиада дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және аудан аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұжымдық бірлік пен ынтымақтастықты арттыруға оң ықпал етуде.