Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, салтанатты жиын өтті.

Мерекелік жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев мемлекеттік қызмет саласындағы мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті әріптестер! Сіздерді мемлекетік қызметші күнімен құттықтап, өз парыздарыңызды адал және лайықты орындай отырып, ел алдындағы азаматтық борыштарыңызбен халықтың сенімін ақтай отырып, заңдар мен этиканы қатаң сақтап халыққа қызмет етсеңіздер деймін, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.

Мерекелік басқосуда ауданның өркендеп, өрлеуі бағытында ауқымды істер атқарып, өз саласында дамыту мақсатындағы тынымсыз еңбегі үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.