
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Ш.Уалихановтың 190 жылдығына орай «Туған өлкемнің сиқырлы әлемі» атты жас суретшілердің аудандық байқауы болып өтті.
Байқау ғалым, этнограф, тарихшы, ағартушы , шығыстанушы Ш.Уалихановтың өмірі мен шығармаларын насихаттау. Бейнелеу өнері арқылы өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін арттыру, суретшілік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне қолдау көрсету. Жастарды отансүйгіштікке баулитын, ұлттық рух пен патриоттыққа тәрбиелейтін тақырыптағы өнер туындыларын халық арасында кеңінен насихаттау және жас суретшілерді анықтау мақсатында өтті. Байқауға ауыл округтерінен 29 үміткер қатысты. Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша бас жүлде Қызылқия ауылынан Әмірсейіт Бақдаулетке бұйырды, І- орынды Шарапхана ауылынан Ергенбай Зәулім иеленді, ІІ- орындарды Тағайбек Кәусар, М.Өтемісұлы ауылынан Пернебай Жаңыл, Тұңғышбаева Жанайым, ІІІ- орындарды Қызылқия ауылынан Өскенбай Камила, Тұрсын Асылхан, Көкібел ауылынан Мәулен Кәусар өзара бөлісті. Сондай- ақ арнайы номинациялармен Даниярбек Балауса, Әбдіғаппар Мухамедали, Нуржан Индира ие болды. Барша қатысушылар «Дипломмен» мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.