
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде ұлы ақын А. Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ұла дала данасы» атты жас суретшілер байқауы өтті. Байқау ақын ұлы Абайдың шығармаларын насихаттау, шығармаларына арқау болған табиғатты көркемдеу. Жастардың сурет өнеріне деген қызығушылығын дамыту мақсатында өтті. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқаларының шешімімен бас жүлде иегері Әмірсейт Ғалымжанға, бірінші орын иегері Өскенбай Камилаға, Тасибек Жанияға аудандық суретшілер байқауына жолдама берілді. Барша байқауға қатысушы үміткерлерге «Диплом» мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.