
Бүгін «Фараб» кітапханасының «Ашық әкімдіктегі» жылжымалы пунктінде «Talk Like» оқырмандар клубы құрылды. Клуб мүшелері – облыстық әкімдік және басқармалар үйінің мемлекеттік қызметкерлері.
Ай сайын клуб мүшелері ашық әкімдіктегі кітапханада бас қосып, өздері оқыған кітапты талқылайды. Алғашқы отырыста Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» және әлем әдебиетінің өкілі Кадзуо Исигуроның «Остаток дня» кітаптарына талдау жасалды.
Клуб мақсаты – кітапқұмарларды біріктіріп, әдеби шығармаларды талқылау арқылы пікір алмасу, ой-өрісін кеңейту және бір-бірінен шабыт алу.