Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жігерген ауылдық мәдениет үйі мен Тесіктөбе ауылдық клубы әдіскері қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әблахат Есбаевтың 100 жылдығына орай «Әнім сенсің — ауылым» атты жас эстрада әншілері байқауы өтті.

Байқау жастардың әнге деген қызығушылықтарын арттыру, сахнаға баулу, өнерлі жастарды халыққа насихаттау мақсатында өтті.

Байқау шарты бойынша дайындықпен 10 үміткер қатыстып сынға түсті. Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша :

Бас жүлде Бақыт Айзере, І- орын Малик Кәусар, ІІ — орын Садыбай Гаухар, Серікбай Талшын, ІІІ -орын Абдисаттар Айзере, Тасболат Сабина иемденді.

Барша қатысушы үміткерлерге арнайы марапаттау қағаздары берілді. Байқау жоғары деңгейде өтті.

Айта кетейік, Әбілахат Смағұлұлы Есбаев 1925 жылы 25 қазанда Қостанай қаласында дүниеге келген.Әкесі Әбілахаттың алты жасында қазіргі Жамбыл облысының меркі ауданына артынан Шу ауданының «Алға»артеліне қоныс аударыпты.
Болашақ композитор ен алғашқы кең тараған «Туған ел» мектеп қабырғасында, 17 жасында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Сапақовтың өлеңіне жазған.
1942 жылы 17 жасында өз еркінімен сұранып Майданға аттанады. Днепр шайқасында жарақат ат алған. Табиғатынан зерек, білімге құштар жігітті Могилев қаласындағы жоғары әскери училищеге оқуға жібереді. 1948 жылы әскерден оралған жас офицер мектепте мұғалімдік қызмет атқарады.
Ә.Еспаев 240 жуық әндер мен романстардың авторы, 8 спектакльге музыка жазған. Әбілахат Еспаев 1980 жылы 30 сәуірде дүниеден өтті.