Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде«Музей заттарының сипаттамасы: негізгі элементтері мен үлгілері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға облыстық музейдің және оның филиалдарының меңгерушілері мен ғылыми қызметкерлері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – музейлердің қызметін жандандыру және жаңашаландыру, жаңа әдістемелік алаң қалыптастыру арқылы мамандардың біліктілігін арттыру, кәсіби байланыс орнату, идеяларды жүзеге асыру үшін талқылауға мүмкіндіктер беру.

Семинар спикері Айсұлу Ержігітова музей саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми-қор жұмысының жалпы әдістемелік мәселелері және музей жұмысының негізгі бағыттарының бірі ретінде қор коллекцияларының зерттеу әдістері жайлы баяндама жасады.