
Келес ауданында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған «Ауған соғысы-ұмытылмас тарих» атты салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенкұлов, Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, Түркістан облыстық Ауған және Локалды соғыс кеңесінің төрағасы Ахмет Жұмабеков, Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Даурен Илесов, Келес аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы, Келес аудандық «Аманат» партиясының Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Ахметов және Ауған соғысы ардагерлері қатысты.
Меркелік шара ардагерлер аллеясында бастау алып, ескерткіш монументке гүл шоқтары қойылды. Қаза болған ардагерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Аудан имамы ардагерлердің рухына құран бағыштады.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына күніне арналған «Ауған соғысы-ұмытылмас тарих» атты мерекелік іс-шара Келес ауданының «№13 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының акт залында жалғасып, «Келес сазы» этно фольклорлық ансамблі «Боздақтар» әнімен бастап берді. Сонымен қатар «Самғау» вокалды-инструменталды ансамблі және мәдениет үйі әншілері өнер көрсетті.