
Бүгін ауданда Отырар ауданының 90 жылдығы аясында «Шалқыған Шәуілдір — 2025» аудандық жас эстрада әншілерінің ән байқауы өтті. Аталған шара композитор, сазгер Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Е.Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін, рухани –париоттық сезімін ояту болып табылады.
Байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, өнерпаз дарынды жастарға сәттілік тіледі.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әншілер сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаса, екінші кезеңде сайысқа қатысушылар Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындады. Үміткерлерге әндерін арнайы жазылған (минусовка) немесе аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындау міндеттелді.
Ән додасына тәжірибелі өнер иеслері қазылық етіп, әділ бағасын берді. Байқау нәтижесінде жеңімпаз атанған дарынды жастар алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша Темір а/о Жанбалтаұлы Бекболат , Отырар а/о Жақсыбек Сағындық, Отырар а/о Жайыл Ботакөз, Балтакөл а/о Тастемір Дінмұхамед, Шәуілдір а/о Тұяқбаев Тілеухан байқауға қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса, Қарғалы а/о Алдаберген Балкерім «Көрермендер көзайымы», Қарақоңыр а/о Оразбай Абай «Ең жас әнші», Көксарай а/о Әліқұл Ақбөпе «Ш.Қалдаяқов атындағы номинация», Ақтөбе а/о Әбдірайым Нұрғали «Е.Хасанғалиев атындағы номинация» иегері атанды.
Ал, жүлделі 3-орынды Маяқұм а/о Тасыбек Мейрам мен Талапты а/о Рахымжанов Ринат 3-орын иегері атанса, Аққұм а/о Төрехан Нұрислам 2-орын алды.
Шілік а/о Досбол Ханшайым байқаудың 1-орын иегері атанса, Отырар а/о Нысан Дінмұхаммед Бүркітұлы Бас жүлде иеленді.
Өнерпаздарымызға шығармашылық табыл, телегей шабыт тілеймін!