Композитор, сазгер Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, Отырар ауданының 90 жылдығы, Қазақстанның Халық әртісі ,әнші композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай «Шалқыған Шәуілдір-2025» аудандық жас эстрада әншілері байқауының қағидасы

Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 7 ақпан күні композитор, сазгер Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, Отырар ауданының 90 жылдығы, Қазақстанның Халық әртісі,әнші композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай «Шалқыған Шәуілдір-2025» аудандық жас эстрада әншілері байқауы өтеді.

1. Байқаудың мақсаты:

1.1. Ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру. Отанға деген сүйіспеншілігін, рухани –париоттық сезімін ояту.

2. Байқаудың ережелері мен шарттары:

2.1.Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 16-25 жас;

2.2.Байқауға қатысушылар шығармашылық өмірі,өнері,туған жері жайлы қысқаша әрі мағналы бейнеролик дайындап, ұйымдастырушыларға алдын-ала тапсырады (2-3минут)

2.3 Сапалы,электрондық нұсқадағы бір суреті (ЛЭД экраннан көрсетіледі)

2.4. Байқауда жанды дауыста 2 (екі) ән орындалады:

-Бірінші кезең: Ш.Қалдаяқовтың әндерінен 1 (бір) ән орындау;

-Екінші кезең: Е.Хасанғалиевтың әндерінен 1 (бір) ән орындау;

-Байқауға үміткерлер жеке дауыста және топтар болып (дуэт,трио,квартет) қатыса алады.

3. Қазылар алқасы:

3.1. Жеңімпаздарды анықтау қазылар алқасы әншілердің әнді орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне назар аударып, шешім қабылдайды.

3.2. Қазылар алқасы белгіленген орындардың кейбіреуін бермеуге, өзгертуге және бөліп беруге құқылы.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздары екі кезең бойынша және арнайы қаржылай сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталады.

Бас жүлде

І орын

ІІ-орын

ІІІ-орын /екеу/

Номинациялар:

«Көрермендер көзайымы»

«Жас әнші»

Ш.Қалдаяқов атындағы жүлде

Е.Хасанғалиев атындағы жүлде

Байқау жеңімпаздары арнайы тағайындалған жүлделермен марапатталып, бас жүлде алған жеңімпаз облыстық байқауға жолдама алады.

4. Байқауға қатысушы үміткерлер:

2025жылдың 5 ақпанына дейін төмендегі құжаттар бойынша өтініштерін тапсыру тиіс. Эл почта: Otrarsarai@mail.ru

Тел: 87716420801

— Тиісті мекемелердің жолдамасы;

— Өтініші;

— Шығармашылық өмірбаяны;

— Түрлі -түсті сурет 13х18;

— Жеке куәлігі;

— Орындалатын әндерінің авторы /әні,сөз/ толық жазылуы тиіс;

— Байланыс телефоны;

— Үміткердің банктен 20 сандық есептік шот номері;

Ескерту: Үміткерлерді тіркеу уақыты 7 ақпан сағат 9:00де басталады.