
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында әнші, композитор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай «Арай – 2025» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерінің аудандық байқауы болып өтті.
Байқау Е.Хасанғалиевтің шығармаларын насихаттау, эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жас талант иелерін және мәдени шара жүргізушілерді анықтау, оларға қолдау көрсету, өнерлі жастарды халыққа насихаттау мақсатында өтті.
Байқауға жалпы аудан көлемінде 27 үміткер қатысты. Оның ішінде 17 жас эстрада әншілері және 10 мәдени іс-шара жүргізушілері бар.
Байқауда аудандық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Тантабаева Мейрамкул және Балнур Қосаева және Өктемова Жания қазылық етті. Байқауда эстрада әншілері Е.Хасанғалиевтің әндері мен еркін тақырыпта әндерін орындаса, ал, мәдени іс-шара жүргізушілері өзін таныстыру, мәнерлеп оқу, мәдени шара жүргізу, түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқаларының шешімімен байқау қорытындысы бойынша жас эстрада әншілерден бас жүлде иегері Қызылдала ауылынан Сұлтан Айтжан , І-орынды Жаңабазар ауылынан Жарылқасын Еңлік, ІІ-орынды Шарбұлақ ауылынан Ордабек Майра, Ордабек Мадина, Шанақ ауылынан Шынарбек Арайлым өзара бөлісті, ІІІ-орынды Тұрбат ауылынан Ибрагимова Бахар, Қарабау ауылынан Айту Жайна, Рабат ауылынан Шәмшін Сымбат өзара бөлісті. Байқаудың арнаулы «Жас әнші» номинациясымен Әділ Сезім, «Дара дауыс» номинациясымен Уәлибек Мұқағали марапатталды. Сондай – ақ мәдени іс-шара жүргізушілер арасындағы байқауда бас жүлде иегері Орақбай Айтбек, І-орын Сатыбалды Арапкүл, ІІ-орын Әбдуәлі Талғат,Тойшыбай Бақытжамал, ІІІ-орынды Ақылбек Ақмарал, Әзімбай Нұршері, Анарбай Нұртілеу ие болды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ел ішіндегі талантты жастардың басын қосқан байқау жоғары деңгейде өтті.
Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85жыл толады.
Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиев 1940 жылғы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дүниеге келген.
ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев – орындау мәнері жоғары, кәсіби деңгейімен ерекшеленетін тұлға. Ол – Қазақстанның танымал эстрада әншілері орындайтын көпшілікке жақсы мәлім әндердің авторы.
Е. Хасанғалиевтің «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы мен материалды берудің көп салалығы тән.
Xасанғалиев әндерінің тақырыбы да сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды.