
Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебінде «Ауғанстан — жүректегі жара » тақырыбында естелікті кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін еске алу, жастарға патриоттық тәрбие беру және тарихи оқиғалар туралы шынайы ақпарат тарату болды.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Бахашев Әбіш, Усипов Ертай ағаларымыз қатысты. Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл кездесуде олар өздерінің соғыс кезіндегі естеліктерін айтып, жастарға елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті ұғындыруға тырысты.
Сонымен қатар, 7- сынып оқушылары тарапынан сахналық көрініс қойылып, өнерлі оқушыларымыз патриоттық әндер шырқап, жүректен шыққан өлең жолдарын арнап, шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Бұл кездесу – жас ұрпаққа тарихи шындықты жеткізіп, Отансүйгіштік рухын арттыруға арналған маңызды іс-шаралардың бірі болды.