
Бүгін Мақтаарал ауданы, “Мақтаарал” мәдениет үйінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына орай «Жырлайды жүрек» атты аудандық өлең-шумақтарын жатқа оқу байқауы өтті.
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
1) Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнеролик жасайды.
2) М.Мақатаевтың шығармашылығынан бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу.
Байқауға қазылық еткен төрешілер:
1. Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Байменова Гүлмира
2. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесі басшысының орынбасары Зулпыхарова Жанна
3. Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметкері Серікбаев Олжас
Елді мекендерден байқауға 14 үміткер қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен:
I орын — Тұрсынбек Жанерке (Жамбыл а/о)
II орын — Махмут Азат (Бірлік а/о)
III орын — Сапарбек Есбол (Еңбекші а/о) және Мәулламурат Бақнұр (Бірлік а/о)
“Менің пірім — Мұқағали” номинациясы — Рахмет Досымжан (Атакент кенті)
“Айтып өткен ақында арман барма” номинациясы — Хамзаева Карамат (А.Қалыбеков а/о)
“Көрермен көзайымы” номинациясы — Еркінбек Сезім (Мырзакент кенті)
Барлық жеңімпаздарға арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табысталды!