Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектебінде қазақтың белгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Заманымыздың заңғар жазушысы» атты еске алу кеші өтті.

Аталған білім ошағының директор орынбасары Жазира Үсенбаева ізгі тілегін білдіріп, кешті ашып берді. Қатысушыларға арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылып, жазушының өмірі мен шығармашылығынан бейнетуынды көрсетілді.

Іс-шараға Баян Адырбек, Несіпкүл Өтебаева бастаған зиялы қауым өкілдері мен және Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат қонақ болып, жазушының тарих беттерінде жиі айтыла бермейтін тың ақпараттарын ортаға салды. Жиын барысында тарих пәні мұғалімі Айгүл Манқараева баяндама жасады. Мектеп оқушылары Ілияс Есенберлиннің өлеңдерін мәнерлеп оқып, домбырада ән шырқады.

Кеш соңында мектеп басшылығы мен ұстаздары, өнер көрсеткен оқушылары кітапхана директоры Рысбек Ермекұлының атынан алғыс хатпен марапатталды.