
Бүгін Шардара ауданының 60 жылдығына орай және ауданның құрметті азаматы, танымал жыршы, термеші «Оңтүстіктің абыз-жырауы» атанған Тәшман Шекеровтың құрметіне «Терменің тарланбозы Тәшман жырау» облыстық термешілер байқауы өтті.
Халқымыздың ұлттық мәдени мұрасының бірегейi терме өнерін кеңінен насихаттау мақсатындағы аталмыш байқауда ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрген, облыстың әр аудан, қаласынан келген өнерпаздар бақтарын сынады.
Өнер сайысында ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын Ұлықбек Жұман, ЮНЕСКО-ның «Ұлтық өнер жанашыры» марапатының иегері Әбдіғаппар Айдаров және ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының «Ұлттық жанр жөніндегі» маманы Аязбек Рүстемов төрелік етті.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жан-жақты саралап, қорытындылай келе бас жүлде Шардара ауданынан Бегманов Сәкенге бұйырды. Жүлделі І орынды Шардара ауданынан Дауылбаев Қанат, ІІ орынды Сауран ауданынан Мамабетов Талғат және Келес ауданынан Бектібаев Асан иеленді. Жүлделі
ІІІ орынды қанжығасына Төлеби ауданынан Төретаев Сәкен, Созақ ауданынан Тоғысов Мейрамбек, Бәйдібек ауданынан Юсупов Бағдат байлады.
Бұдан бөлек үздік деп танылған өнерпаздарға арнайы жүлделер мен марапаттар табысталды.