Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№36 М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – Ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шара еліміздің тәуелсіздік тарихын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының белсенді қатысуымен ерекше әсерлі өтті. Мерекелік іс-шара аясында оқушылар Қазақстанның тарихына арналған сахналық қойылымдар қойып, патриоттық әндер мен би нөмірлерін орындады. Сонымен қатар, көркем сөз оқушылардың жүрекжарды өлеңдері мен арнауларымен жалғасын тапты.

Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары С.Оразымбетов іс-шара барысында сөз сөйлеп, Тәуелсіздік – ұрпақтарымыз үшін ең қастерлі құндылық екенін атап өтті. Ол осындай іс-шаралардың оқушыларды ел болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандыратынын, патриоттық сезімдерін арттыратынын айтты. Бұл шара баршамызға ерекше рухани күш беріп, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін сезінуге мүмкіндік жасады.

Осындай маңызды күнді ұлықтаған іс-шара әр жүректе Қазақстанға деген мақтаныш сезімін тереңдетті.