
Жетісай қаласында орналасқан №1 М.Горький атындағы МГ-да 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ұлттық киімдер» фестивалі өтті.
Іс-шараға Жетісай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова, Асық ата кенті Аналар кеңесінің төрайымы М.Шамшиева, Аталмыш мектептің ата-аналар кеңесінің төрайымы Г.Акылбаева және ата-аналар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық киім тек сыртқы сұлулығымызды ғана емес, халқымыздың рухани бай әлемін, қолөнері мен шеберлігін бейнелейтінін жеткізіп, жас буынға насихаттау.
Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген, ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Киім – адамның мінез-құлқын, таным-түсінігін, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, беделін, жан-дүниесін айқындап көрсетіп тұрады. Біздің халық киім үлгісінің адамның жасына, жыл маусымына, тұрмыс қажеттілігіне, сымбатына, үстіне қонымына, жүріп-тұруына ыңғайлы болуына асқан жауапкершілікпен қараған.
Сондай-ақ, іс-шара соңы мектеп оқушыларының мерекелік концертіне ұласты.