«Егер кез келген халықтың тағ дыры мен болашағы, белгілі бір дәрежеде, оның отаншыл, биік өре лі перзенттерінің саны мен са па сына тәуелді десек, онда ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жұлдызы шынымен де жарқырап, оңынан ту ған еді. ХХ ғасырдың бас кезінде халқымыздың жүздеген талантты ұлдары мен қыздары қоғамдық тіршіліктің барлық сала-сына белсене араласып, өз елінің өмі рін қайта жаңғыртуға әзір екен діктерін айқын танытты. Бірақ осы ұрпақты өмірге әкелген орта олар ға тағдырдың өзі артқан тарихи мін детті толық, аяғына дейін орын дауына мүмкіндік бермей, олар 1937-1938 жылдары «үлкен террор дың» құрбаны болып кете барды». Осы жұмбақ ұрпақ арасында «Жетісудың серкесі» атанған, халқы ның, ұлты ның сүйіспеншілігіне бөлен-ген қазақтың біртуар, талантты азаматы – Ораз Қиқымұлы Жандосов та бар еді. Ораз Қиқымұлы Жандосов – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарын-да Қазақстан мен Орта Азиялық аймақта атағы кеңінен белгілі болған, ірі мемлекет және қоғам қайраткері болды. Ол Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сияқты қазақтың даңқты ұлдарының қатарынан ойып тұрып орын алған, қазақтың біртуар тұлғасы осы – Ораз Жандосов болатын. Мәселенің теориялық және методоло-гиялық негізіҚазақстанның партиялық және кеңестік жетекші қайраткерлерінің алғашқы буынының мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметі әрі ауыр, әрі күрделі болды. Кеңестік идеология ұзақ жылдар бойына қазақ қайраткерлерінің өмірі мен саяси қызметін ұлтшылдықтың символика-сына айналдырып, саяси мақсаттарының мәнін танып-білуге тыйым салды, я болмаса оларды жоғарыдан берілген нұсқауды бұлжытпай орын-даушы тетіктер ретінде ғана көрсетіп келді. Міне, осылардың қатарында – Ораз Қиқымұлы Жандосов та болған еді.

Ораз Жандосов Қазақстан мен Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық, саяси-қо ғамдық өмірінің зерттеушісі.

Ораз Жандосов 1899 жылы ақпанда Алматы облысының қазіргі Қарасай ауданында (бұрынғы Қаскелең), Қаскелең селосында шаруа отбасын-да туылды. Ал 1938 жылы «халық жауы» ата-нып, (1937 жылы тұтқындалып, 1938 жылы 2 наурызда) жазықсыз жаламен атылып кетті.Ораз Жандосовтың туған қарындасы Бану Қиқымқызы Жандосова өз естелігінде былай деп жазады: «Біздің әкеміз Қиқым 1865 жыл шама-сында өмірге келген. Оның әкесі Жандос таудың аң-құсын аулап тіршілік еткен кісі. Руы – бес шам Шапырашты, оның ішінде Әжіке ұрпағы. Арғы тегі, ақын атамыз Жамбыл айтқандай, бір тайпа елді басқарған Қазыбек биден тарайды».«30-дан аса бере әйелі қайтыс болып, әкеміз Қиқым Дәрмен деген апамызға үйленеді. Құлболды руынан шыққан Дәрмен жарқылдаған жайдары мінезді 17 жасар қыз екен. Ораз (толық аты Оразымбек) – Дәрменнің Қиқымнан тапқан тұңғышы. Ол көктемде, орыстардың «Қызыл жұмыртқа» діни мерекесінде туған» (Қайран Ораз, 1999: 43-44).Ораздың әкесі 1919 жылы қайтыс болады. Ораз 1919 жылы сәуірде Верныйдағы ер бала-лар гимназиясын оқып бітіреді. «Қырық жыл бойы бай есігінде жүрген әкеміз Қиқым сауат-сыз болса да, көңілі ояу шаруа-тын. Содан бо-лар жоқшылықтың азабын тартса да, үлкен ағам Оразды Верныйдағы ер балалар гимназиясына оқуға берді. Білім алып, көзі ашылса, алдыңғы қатарлы азамат болатынына сенді», – деп жаза-ды өз естелігінде Бану Қиқымқызы Жандосова.Ораз Қиқымұлы Жандосов ағарту және мәдениет саласындағы ұлт көсемдерінің бірі ретінде де көрнекті орын алатын бірегей тұлға. Голощекин қиып жіберген өмір жолының жарқын кезеңі – Қаз АССР Халық ағарту комис-сариаты басшысы қызметінде болған жылдар (1928 жыл – 1929 жылдың ортасы) еді.
1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітірген. Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыс бөлімін басқарды.
Болашақ мемлекет қайраткері 1918 жылы Верный қаласында орналасқан “Верный” ерлер гимназиясын аяқтайды.
Ораз Жандосов өзі туып-өскен заман ағы-мының біртуар азаматы, ұлт күрескері болды.Ораз Жандосов жерді және суды пайдалану мәселесі бойынша да, келелі ой қорыта келіп, бы-лай деп атап көрсетеді: «Қазақ қауымын (халқын) жермен қамтамасыз ету керек, өздерінің патша заманында қуылған жерлеріне қайтып оралу үшін жағдай жасау қажет, – дейді».

Ораз Жандасов әр жылдары мемлекет және қоғам игілігі үшін түрлі саяси қызметтерді атқарды. Қазақстанда кеңестiк билiк орнағаннан соң, Жетiсудағы ұлт iстерi жөнiндегi облыстық бөлiм басшысы болды. 1919-1921 жылдары Түркiстан КП мұсылман коммунистерi секциясы облыстық бюросының төрағасы ретінде сайланды. Жетiсу облыстық революциялық әскери комитетiн және облыстық “Қосшы” одағын басшылық қызметте болды.

Ораз Қиқымұлы Жандосов тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиялық аймақта атағы кеңінен белгілі болған, ірі мемлекет және қоғам қайраткері болды. Ораз Жандосов талантты мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, сонымен бірге дарынды сөз шебері және публицист, Қазақстан мен Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өмірінің зерттеушісі, аграрлық-шаруашылық және ұлттық мәселелер бойынша керемет білгір адам болды. Ораз Жандосов 1920-1930 жж. Қазақстанның халық ағарту және мәдениет саласындағы комиссары болып жұмыс істеді. Ол бірінші Қазақ мемлекеттік университетінің, ауыл шаруашылық және мал дәрігерлігі институттарының ашылуларына зор еңбек сіңірді. Ораз Жандосовтың тағы бір айналысқан мәселесі, Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі – Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу мәселесі, тарихи демографияның мәселелері, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері, 20-30 жылдардағы қазақ ауылдары мен елді мекендеріндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайының жекелеген аспектілері болды. Ораз Жандосов 1920-шы жылдардың бас кезіндегі жер-су реформасын дайындау мен жүзеге асыру, бұқаралық шаруалар ұйымдарының («Қырғыз кедей шаруалары мен батрактарының одағы», «Қосшы» одағының» т.б.) құрылуы мен нығаюына, Жетісу облысында ұлтаралық қатынастарды, ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуде зор еңбек сіңірді.

1921-1923 жылдары Түркiстан КП ОК-iнiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi және БК(б)П Қазақ өлкелiк комитетiнiң екiншi хатшысы болды.
1923-1924 жылдары Мәскеудегi К.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында оқыды. 1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелiк комитетi үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметiн атқарды. “Еңбекшi қазақ” газетiне басшылық жасаған уақыты осы кезбен тұспа-тұс келедi.
1928-1937 жылдары Қазақ АКСР ағарту халкомы, қазақ ауыл шаруашылығы институтының директорлығымен қатар республикалық кiтапхананың директоры болды.

Ораз Жандосов білікті қайраткер ретінде ұлтаралық қатынасты реттеуге көп еңбек сiңiрдi. 1937 жылы тамызда партия қатарынан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалды. 1938 жылы наурызда ату жазасына кесiлдi.

1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болып аталғаны жұртшылыққа мәлім. Журнал басшылары жылдың осылай аталуына байланысты тарих қойнауынан материал берсек дегенді айта берді. Сондай нұсқауларға сәйкес елімізде 1917.1937 жылдардың аралығында шыққан мерзімді басылымдарды қарап шығуға тура келді.

Сол мерзімде «Мухбир», «Көмек», «Тілші», «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Жаңа мектеп», «Қызыл Қазақстан» сияқты басылымдар жарық көріпті. Бұларда көптеген проблемалық материалдар жарияланған. Олардың авторлары мемлекет қайраткерлері мен интеллигенция өкілдері. Солардың арасынан газет, журналға көп қатысқандардың бірі -тОраз Жандосов екен.

Біз Ораз Жандосовты ірі мемлекет қайраткері ретінде жақсы білеміз. Ал, оның публицист болғанын, кезінде проблемалық мақалаларды көп жазғанын жалпы журтшылықтың біле бермеуі мүмкін. Ораз Жандосов өз уақытысында өте сауатты болған адам. Ол орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген азамат. Мұның, әрине, өзіндік себептері бар.

Айталық, оның әкесі Қиқым кедейліктің тауқыметін көп тартады, жастайынан орыс байларына жалданып, күнелтеді. Міне, бұл оның орыс тілін үйренуіне түрткі болады. Осыбір оқиға себепші болған болу керек, кейіннен ол баласы Оразды Алматы (Верный) қаласындағы орыс гимназиясына оқуға береді.

Зерек бала бұл оқу орнында жақсы оқиды. Сондықтан да болу керек, оны достары кезінде «ғалым бала» деп атап кеткен.

Орыс гимназиясын ойдағыдай бітірген Ораз қызметте біртіндеп өсе береді. Кейіннен ол Қазақстан Өлкелік партия комитетінің үгіт.насихат бөлімі басшысына дейін көтеріледі. Осы жұмыстарда жүргенде ол қазақ халқының келешегі үшін жан аямай тер төккені байқалады. Әсіресе ол халық арасынан шыққан таланттарды қолдауға үлкен күш салады. Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев сияқты еліміздің біртуар ұлдарының творчестволық жағынан өсуіне жағдай жасайды. Жандосов өте дарынды,сауатты адам болған. Орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген азамат.
Мұның,әрине өзіндік себептері болған.Оның әкесі Қиқым кедейлік тауқыметін көп тартады,жастайынан орыс байларына жалданып күнелтеді, жапа шегеді. Осыбір оқиға себепші болу керек баласы Оразды(Верный) қаласындағы орыс гимназиясына оқуға беруге шешім қабылдайды. Орыс гимназиясына ойдағыдай бітірген Ораз қызметте біртіндеп өсе береді. Қазақ халқының амандығы үшін еңбектенгені көрінеді. Бүгінгі күні 30-шы жылдары құрбан болғандар туралы (оның ішінде Ораз ағамызда бар) біржақты сөз айтпаған жөн. Халыққа еңбегі сінген.

Ораз Жандосов Қазақстан тарихының жекелеген мәселелерін зерттеумен де шындап айналысты, оны Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу мәселесі, тарихи демография, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері, 20-30 жж. қазақ ауылдары мен селоларының қоғамдық- саяси және экономикалық өмірінің жекелеген аспектілері және т.б. мәселелер толғандырды. Ораз Жандосов қазақ ауылдары мен селолардың жағдайын зерттеу барысында алғаш-қылардың бірі болып, социология мен ста-тистика әдістерін қолданды.

Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов пен Мұстафа Шоқай халық мүддесіне қалай еңбек етсе, Тұрар Рыс құлов пен Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов та осы бағытта жан-тәнімен аянбай еңбек етіп, халқы үшін аянып қалған жоқ. Ораз Жандосовтың қаншалықты қайраткер болғандығын оның еңбектерінен аңғаруға бола-ды. Ол қазақ даласындағы патшалық отарлаудың ізін жойғысы келді және осы мақсатта табан-ды әрекеттер жасады. Атап айтқанда, Ораз Жандосов патша үкіметінен зорлық көріп, Қытай асқан Жетісу қазақтарын елге қайта қоныстануына атсалысты. Сондай-ақ, жер-су реформасын әзірлеп, халықтың оны тиімді мөлшерде пайдалануына мүмкіндік туғызған. Орталық биліктен тәуелсіз Қаз

Ораз Жандосовтың Республиканың халық ағарту комиссары болып қызмет істеген кезең-дегі үлкен үлесі, жоғары оқу орындарының ашылуына (Қазақ мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік институты (ҚазПИ), Ауыл шаруашылық институты, Мал дәрігерлік институ-ты), ғылымның дамуына, баспасөз және мәдени-ағарту мекемелерінің (көпшілік кітапхана (қазіргі Ұлттық кітапхана) ұйымдастырушысы ретіндегі қызметі, Қазақстанды зерттеу Қоғамы (ҚЗҚ) басқармасының төрағасы ретіндегі қызметтері және т.б.) ұйымдастырылуына тигізген зор еңбегі болды. Ораз Жандосов осы жоғары оқу орындарына бұрынғы Алаш қозғалысының белсенді мүшелері болған, қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерін, мәселен, А. Байтұрсыновты, Х. Дос-мұхамедовты, М. Әуезовті, А. Байтасовты және басқаларды оқытушылық қызметке шақырады.

Ораз Жандосов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихымен де айналысты. 1921 жылы мамырда ол қазақтардың 1916 жылғы көтеріліске қатысуы туралы материалдарды жинау бойынша Жетісу облыстық революциялық комитеттің жанындағы арнайы ғылыми комиссия құру туралы ұсыныс айтты. Ол Т. Құдайбергенов деген азаматқа «жеке адамдардан, қоғамдық ұйымдардан, үкіметтік ұйымдардан және мұрағаттардан» 1916 ж. көтерілістің тарихы туралы құжаттарды жинауды тапсырады. Ораз Жандосов 1916 жылғы көтерілістің мысалында Қазақстандағы ұлт-азаттық көте-рілістердің шығу себептерін, сипатын және қозғаушы күштерін зерттеді, өлкенің Ресей бодандығына айналуының кезеңдері мен түрлерін көрсетті.

Ораз Жандосов 1937 жылы 31-ші шілдеде саяси айыппен тұтқындалып, КСРО Жоғарғы соты Әскери Коллегиясының үкімімен ату жаза сына кесіледі. 1957 жылы 8 июньде қыл-мыстарының жоқтығымен ақталады.

Ораз Қиқым ұлы Жандосовтың жұбайы – Фатима Асқарқызы Жандосова (Сүтішева) (1900-1973) – газет-журналдар мен баспаларда редактор қызметін атқарған. Ұлдары: Едіге (1923-1953) – қызметкер, Санжар (1930-1992) – мемлекет және қоғам қайраткері болды, Әли (1935 ж.т.) – тарихшы, ұстаз, аға ғылыми қызметкер.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен тоғысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ» деп атап көрсеткеніндей, кейінгі ұрпақ осы өткен тарихымыздан сабақ алып, сол кезеңде өмір сүріп, елі, жері, халқы үшін аянбай еңбек еткен, өмірлерін сол жолда сарп еткен тұлғаларымызды естен шығармағаны абзал»-делінген.

Бүгінгі егемен Қазақстан – еліміздің рухани және саяси тұрғыдан көркейту жолында көп еңбектенген, тер төккен Ораз Қиқымұлы Жандосов тәрізді мемлекеттік қайраткерлердің қажырлы іс-әрекетінің, арман-тілегінің қорытындысы деп білеміз.

Ел есімі-Ер есінде….