
Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде әскери қызметшілер және азаматтық персоналдарымен Халық Қаhарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шара өтті. «Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстатқа тігілген ту» тақырыбында слайд және қазақша фильмдер, видеороликтер көрсетілді. Халық Қаhарманы Р.Қошқарбаетың өмірбаяны мен ерлігі таныстырылды.
Р.Қошқарбаев 1924 жылғы 19 қазанда Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Тайтөбе ауылына жақын орналасқан Қырыққұдық қыстағында дүниеге келген.
1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы қазанда Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.
1944 жылғы қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысты.
Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 1945 жыл 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.
1947 – 1967 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор болды.
1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. «Қызыл Ту», 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1988 жылғы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып таралды.
Ш.АНВАРБЕКОВ, Сайрам аудандық ҚІЖБ бастығының әскери қызметті насихаттау, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі көмекшісі.