Елімізде 24 қазан – кітапханашылар күні. Осыған орай, Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мерекелік кеш өтті. Мерекелік жиында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова кітапхана ұжымын мерекемен құттықтады. Осы салада еңбегі орасан бірқатар кітапханашыларға Алғыс хаттар табыс етті.
Іс-шараға ҚР Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ардагер ұстаз, Кентау қаласының Құрметті азаматы Бибі Дәрібаева мен ақын, «Қала жанашыры» төсбелгісінің иегері Мұхит Мақажанов қатысып, кітапхана қызметкерлеріне деген жүрек жарды ізгі ниеттерін білдірді.
Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітапхана- ғасырлар бойы келе жатқан білімділіктің киелі ордасы. Кітапханашылар–ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.
Жалпы, Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 10 кітапхана бар.10 кітапхананың 4-і ауылдық ,6 кітапхана қала аумағында қызмет етеді. Кітапханаларда жалпы 284420 дана кітап қоры бар. Соңғы уақытта кітап оқитын оқырман саны артқан. Бүгінгі күнге дейін 152124 кітап оқуға берілген.