Мақтаарал ауданында «Өнерлі өлке өрендері» өнер фестивалі аясында Мырзакент кентінің орталық алаңында Жамбыл ауылдық округінің мәдени күндері өтті.

Шараға қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен қолөнер туындылары, ұлттық ойындар қойылып,

салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген көріністер қойылды. Кеш сағат 18:00де кент өнерпаздарының гала концерті өтті.

Айта кетейік, Мырзакент кентінің “Жастар гүлзары” орталық алаңында ауданның мәдениет күндері әр жұма күні жалғасатын болады.