
Қазақ тарихында азаттық, бостандық, егемендік жолында небір көтерілістер, қан майдан кескілескен ұрыстар орын алған. Сондай оқиғалардың бірі Ұлы Отан соғысы ерлік жылдары болып, есте қалды. 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы зұлмат жылдар болып тарих беттерінде сайрап тұр. Ал сол соғыстың жеңіспен аяқталуына біздің ағаларымыз бен апаларымыздың қосқан үлесі орасан.Алапат майданға өзі сұранып,әскерге жасы толмаса да қолына қару алып,сұрапыл шайқасқа қатысып,туған жеріне Кеңес Одағының Батыры атағымен оралған жерлесіміз ол — Сейтқасым Әшіров. Биыл Сейтқасым Әшіровтің туғанына 100 жыл толып отыр.Есімі ерлікпен қатар аталатын батырлар ұмытылмауы һәм ұлықталуы тиіс.Осы мақсатта бүгін аудандық мәдениет сарайында «Ер есімі – ел есінде» атты ғылыми теориялық конференция өтті. Ең алдымен атамыздың туған жері Қоғам ауылындағы мектепте С.Әшіров ескерткішіне, Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағасындағы саябақта Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров пен Т.Ибрагимов ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды . Келген қонақтар мәдениет сарайы фойесіне қойылған көрмемен танысып, «Сонау бір отты жылдарда» театрландырылған көрінісін тамашалады. Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбай
«Ер есімі – ел есінде» атты конференцияның ашылуына баяндама жасады. Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов,
«Сұрапыл сынақ ғұмыры» кітабының авторы, белгілі қаламгер Болат Шарақынбай, Аудандық мәслихаттың депутаты, Отырар ауданының құрметті азаматы, сот саласының құрметті қызметкері Есжанов Мұхтар Есіпкепұлы, Түркістан облысының құрметті азаматы, Шардара аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы – Бердібеков Тоқсанбай Бердібекұлы,Қазақстан Жазушылар Одағының ардагері, ақын Балтабаев Айып Балтабайұлы,
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Батыр атамыздың қызы Әшірова Қаракөз Сейітқасымқызы сөз сөйлеп, Отырар ауданының құрметті азаматы, ақын Б.Сұлтаевтың жыр – шашуын арнады.
Ауылдың топырағынан шығып, әлемдік державаға қарсы айқасқан азулылар ізін жалғар ұрпақтарымен жасай бермек. Өткен ғасырдың ерлік шежіресін жазған жүректі ұлдар – қалың қазақ барда Даңқ тақтасынан мәңгі өшпек емес.