
Сайрам аудандық мәдениет үйінде «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында «Қоғам үшін әр маман қымбат» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудандық мәслихат төрағасы, құқық қорғау органдары қызметкерлері, «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Іс-шараға келген қонақтар алдымен аудандық мәдениет үйінің алдында тақырыпқа сай көрмені тамашалап, мәдениет үйінің фойесінде мерекелік іс-шараға арналған фотозонаға естелікке суретке түсті.
Келесі кезекте аудан әкімі Арман Сабитов жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.
— «Баршаңызды қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған айрықша мереке – «Еңбек күнімен» құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге жаңа табыстар, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Азаматтардың тұрмысын түзеу және мемлекеттің даму деңгейін арттыру жолында еткен еңбектеріңіз еселеніп, мәртебелеріңіз биіктей берсін!»- деді аудан әкімі.
Жиын барысында еңбек ардагерлері мен білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, Сайрам Ауданы Мансап Орталығы қызметкерлері, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы №1050 қаулысындағы еңбек нарығын дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасына қатысып жатқан азаматтар, БАҚ өкілдері марапатталды. Айта кетейік, марапат иелеріне алғыс хаттарды аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық мәслихат төрағасы Шамхат Халмурадов, «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов табыстады.
Болашақ мамандардың білімдерін шыңдап, оларды аянбай еңбек етуге шақыратын іс-шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.