
Қазақстан Республикасы жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы Мұрат Бекейдің «Сұлу жырдың сұңқары» атты поэзия кеші өтті.
Көңілдің қылын шертіп, әдебиет әлеміне сапарлатқан кешке Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, кеш иесін құттықтап құрмет көрсетті.
Әдебиет әлемін жанына серік еткен азаматтың кеш барысында, тақырыпқа сай даярланған бейнеролик, тетарландырылған көріністер,әндері мен қалам құдіретінен туған өлең шумақтары аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында қалың көрермен қошеметіне бөленіп,мереке соңы аудандық өнерпаздардың ұйымдастыруымен концертпен жалғасты.