Бәйдібек аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы Ақбастау ауылдық қызметкерлерімен біріге отырып, еліміздің қадір-қасиетін жастарға ұғындырып, ерекшеліктерін дәріптеп, туған жер тұлғаларына құрметімізді арттыру мақсатында «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте!» атты акция өткізді.
Акцияға Қазығұрт аудандық ОКЖ директоры Райымбай Айтубай бастаған Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Нұрғали Рахаев, Ардагер, «Билер кеңесі» РҚБ-і Қазығұрт аудандық кеңесі төрағасының орынбасары Қалдарбек Тұрсынбеков, «Атамұра» РҚБ-ардагерлері, төрағасы Исмаил Аманқұлов, Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айгүл Тасполтаева тағы да басқа бірқатар кітапхана қызметкерлері келді.
Айгүл Молдабекова бастаған Бәйдібек ауданының кітапханашылары әріптестерін Домалақ ана кесенесінде күтіп алып, Ақбастау ауылдық кітапханасына бастап келді. Мұнда оларды Ақбастау ауылдық кітапханасының жұмысымен кітапханашы Гүлшаһар Омарова таныстырды. Қонақтарға таңғы ас ұсынылды. Мұнан соң бағдарламаның негізгі бөлімі «Бәйдібегім — бай елім» тақырыбында өлке таланттарымен танысу өткізілді. Кешті аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев ашып берді. Сахнаға журналист Абзал Әділбеков, суретші Яссаудин Балтабайұлы, жас ақын Дархан Дәулетов және спорт саласының майталманы Қасымхан Төлебай шақырылды.
Абзал Әділбеков – Шымкент совхоз техникумын «техник – электрик» мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ – Ұлттық мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы мамандығы бойынша «Сельхозэнерго» мекемесінде электрик, инженер, бас инженер, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып, 2018 жылы осы газетке директор-редактор болып тағайындалады.
Ауданда 1999 жылы «Сәт» телеарнасының негізін қалап, алғашқы редакторы, аудандық радиода жауапты редактор болады. Аудан әкімшілігінде тіл бөлімінің басшысы, «Жастар орталығында» ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейінде «мұрағатшы», аудандық мәслихатта бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 2003 жылы «Шаян» тәуелсіз – апталық газетін ашады.
Яссауидин Балтабайұлы – Ә.Қастеев атындағы көркем – сәулет мектебін, АӘПУ жоғарғы оқу орнын «бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Алматы қаласындағы «ТОО Отау құрылыс» компаниясында «дизайнер» болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Бүгінгі таңда Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп – интернатында көркем еңбек пәні мұғалімі және өнертанушы – қылқалам шебері болып жұмыс істейді. Ұстаздар арасында беделі жоғары. Көптеген туындылардың авторы. Жеке шеберханасы бар. Шәкірт тәрбиелеуде. Түрлі марапаттауларға ие болған.
Қасымхан Төлебай 14-ақпан 1996 жылы Кеңес ауылында дүниеге келген.
Қазақ күресімен 10 жасынан бастап айналысқан. Қазақтың спорт және туризм академиясының түлегі. Сондай-ақ, Қазақ Ұлттық Әль-Фараби атындағы университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ күресінен жастар арасында, ересектер арасында жеңімпазы, жасөспірім-дер арасында Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы! Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Евразия ойындарының және Әлем чемпионатының жеңімпазы! Ересектер арасында әлем чемпионаты және Азия ойындарының жеңімпазы!
Бүгінгі күні Түркістан облыстық Олимпиадалық резервінің мамандандырылған спорт мектебінің әдіскері болып еңбек етуде.
Ақын Дархан Дәуренұлы – 16-қараша 1997 жылы дүниеге келген. Өлең жазуды үшінші сыныпта бастаған. Суретті де жақсы сала білген. Осындай талантымен 2011 жылы Шымкент қаласындағы Батырбек Өтеп мектеп интернатына қабылданады. Содан кейінгі кезеңде Манап Өтебаев атындағы колледжде «архитектур» мамандығы бойынша оқиды.
Дархан Дәулеттің 16 жасында «Арман қанатында» атты алғашқы жыр жинағы жарық көреді. Одан беріде «Жырлайды жүрек» пен «Алтын уақыт» атты кітаптары жарыққа шыққан. Елдің аузында жүрген әндері қаншама!
Өлке таланттарына сұрақтар қойылды. Кешті жүргізуші тиісті жауабын да алды. Қазығұрттық қонақтарға сөз берілді. Екі ауданның кітапханашылары бір-біріне естелік сыйлықтарын табыс етті. Кеш соңында бәйдібектіктер қонақтарды «Ақмешіт» үңгіріне алып барып, сол жерден елдеріне шығарып салды.
Ұ.АБЗАЛҰЛЫ.