25 қазан — «Республика күніне» орай, Сайрам аудандық «Жастар Ресурстық Орталығы» тарапынан «Бабалар үні – домбыра» атты ұлттық өнерді насихаттау іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл ерекше іс-шарада талантты жастар домбырамен қазақтың классикалық күйлерін орындап, халықтың дәстүрлі өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырды.
Жастардың орындауында тербелген күйлер халқымыздың тарихы мен мәдениетінің терең тамырларын танытты. Домбыраның күмбірлеген үні әрбір адамды баурап алып, жүректі тербетіп, халықтық өнердің құндылығын сезінуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі жастардың бабалар мұрасын жалғастыруы – ұлттық өнеріміздің болашағы үшін аса маңызды. Сондықтан да, бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.