
Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің орталық алаңында Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің өнерпаздары өнер көрсетті. Шараға қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен қолөнер туындылары мен күмбірлеген күй, мың бұралған би де көрініс тапты. Ұлттық спорттық ойындар өткізілді.
Айта кетейік, Мырзакент кентінің “Жастар гүлзары” орталық алаңында ауданның мәдениет күндері әр жұма күні жалғасатын болады. Келесі болып 11 қазан күні А.Қалыбеков ауылдық округінің өнерпаздары жалғайды.