
Шардара ауданы, М.Қалмырза атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында Тілдер мерекесі онкүндігінің жоспарына сәйкес, мектеп-интернаттың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тургинбаева Раушан Сақыпқызының жетекшілігімен 9 сынып оқушыларының қатысуымен орыстың ұлы жазушысы Александр Пушкиннің 225 жылдық мерейтойына орай “Пушкину 225 лет” әдеби кеш өтті.
Кеш барысында Акт залы Пушкиннің портретімен, кітаптарымен, суреттерімен безендіріліп, Пушкиннің эпохасының әуендері қойылып, оқушылар Пушкиннің өмірінен қысқаша сахналық қойылымдар көрсетіп, Пушкиннің өлеңдерінен үзінділер оқып, өз өнерлерін көрермендерге паш етті.
Мақсаты: — оқушыларды Александр Пушкиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру;
— әдеби кітаптар оқуға сахналық қойылымдар қойып, әуезді әндер тыңдата отырып баулу;
— оқушыларды шығармашылық қырынан ашу, сахна мәдениетін ұстану, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.