
Шардара ауданы, М.Қалмырза атындағы мамандандырылған мектеп-интернатымызда “Қарттар күніне” орай 7 сынып тәрбиешілері Көбекбаева Гаухар мен Ділдабай Меруерттің жетекшілігімен, 7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға Халық қаһарманы Мәулен Қалмырзаның ұлы Бәкір Қалмырза, Шардара аудандық әкелер кеңесінің төрағасы, жергілікті ақын Нұрғали Ибрайым, ардагер ұстаз, мектепішілік әкелер кеңесінің төрағасы Тасыбеков Тоқсанбай, ауданымызға еңбегі сіңген тыл ардагері, ауыл биі Барболов Жеңіс ақсақал қатысты.
Іс-шара барысында әуезді әндер, домбырамен күй-термелер, қазақи болмысымызға тән қазақша билер, белгілі ақын-жазушыларымыздың шығармашылығынан өлеңдер орындалып, мағыналы сахналық қойылымдар қойылып оқушылар көрермендерді өз таланттарымен баурап алды.
Келген қонақтар оқушыларға ыстық ықыластарын білдіріп, жақсы тілектерін тілеп, бата берді. Мектеп-интернат ұжымына алғысын білдірді.
Мақсаты: — оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру;
— үлкенді сыйлай білуге, қарттарымызды құрметтеуге баулу;
— өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Мектеп әкімшілігі іс-шараны ұйымдастырған тәрбиешілер мен оқушыларға алғысын білдіреді және барша қарттарды келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтап, денсаулық, қажымас қайрат, баянды ғұмыр тілейді.