
«Өткен ғасырдың дәл ортасында бой көтерген кеншілер қаласының атақ-даңқы кен өндіру ісімен тығыз байланысты. Кентаулық аға ұрпақтың әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Бұл сол уақыттағы кенші-металлургтердің төгілген тері, қолтаңбасы ретінде кейінгі буынға өнеге болып қала береді.
Сондықтан да Кентау — қиындықтан тайсалмайтын, еңбектен жиренбейтін нағыз еңбекқор, отансүйгіш, ел мен жердің абырой-беделі үшін тау қопарып, тас тескен елжанды еңбек майталмандарының қалашығы, әлеуеті мықты «кадрлар ұстаханасы» аталды.
Бүгінгі Кентау – жаңа бағытқа бет бұрған, облыс орталығына жақын орналасқан, болашағы кемел қала. Өңірде мемлекеттік бағдарламалар біртіндеп жүзеге асырылып, кен орындары зерттеліп, инвестициялар тартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті, әсіресе, өндіріс саласын дамытуға бар күш жұмсалуда.
Бағыт-бағдары айқын қала заманауи электр жабдықтарын өндіретін еліміздегі бірден-бір маңызды орталыққа айналған. Мұның барлығын мемлекет тарапынан жасалып отырған айрықша қолдау мен өз қаласын сүйетін кентаулықтардың ерен еңбегінің жемісі.
Кентау қаласының тарихы
Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан болысында құрылды. Қаланы бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы махсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласынан 191 шақырым жерде орналасқан. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы «Қаратау тәжі» және «Қазақстанның жасыл-желекті қаласы» деген аттарға ие. Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді-мекен бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 100 мыңнан астам адамды құрайды.
Қала экономикасы
Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатыр зауыты» ААҚ – еліміздегі электр жабдықтарын жасайтын жалғыз зауыт, «Экскаватр» ААҚ — металл өңдеп, машина жасайды. Барит өнімдерін, түсті металл конференцтарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургиялық цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнимдерин шығарады. Акционерлик «Табыс» қоғамы, Акционерлик «Табыс» қоғамы, «Эластополимет» ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ерден-нан» ААҚ-нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машина жасау – 11,9%) құрайды.
Мәдениет пен қала көрінісі
Қалада Мәдениет сарайы, орталық кітапханалар жүйесі, саябақ, кинотеатр, «Кентау шұғыласы», «Кентау» атты қалалық газеттері, жергілікти «Икар» телеарнасы жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж бар. Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері Р.Сейтметов, С.Байтереков, Ә.Сығай шыққан. Қалада көрнекті мемлекет қайраткерлері Д.АҚонаевқа, С.Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестерине ескерткіш қойылған. Сақ жауынгері бейнеленген «»Тәуелсіздік ескерткіші» бар. Мұнда тіпі дарынды балалар тәрбиелейтін қазақ-түрік лицейі де бар. Мұнда келген балалар білімдерімен елді таң қалдырып, халықаралық байқаулардан елімізге жеңіс туын көтеріп оралуда. Бұл жағдайлар Кентау қаласының өсіп, дамуына үлкен септігін тигізуде.