
Түркістан облысында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде іске асырылуда.
2025 жылы мүгедектігі бар 6538 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4689 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Бұл – жоспардың 71,7 пайызы.
Жұмыспен қамту шараларымен қамтылған 4689 азаматтың 2341-і тұрақты жұмысқа орналастырылса (49,9%), 1230 адам уақытша жұмыс орындарына жолданды (26,2%). 840 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілсе (17,9%), 278 адамға жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант берілді (5,9%).
Уақытша жұмыс орындарына жолданғандар арасында 110 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 156 адам – жастар практикасына, 775 адам – қоғамдық жұмыстарға, 47 адам – «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 142 адам – «Күміс жас» жобасына тартылды.
Сондай-ақ ауыр және зиянды еңбек жағдайларын есептемегенде, жұмыс орындарының 2-4 пайызы көлемінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған квота белгілеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 302 адамға квота белгіленіп, оның 299-ы нақты жұмысқа орналастырылды. Көрсеткіш – 99 пайыз.
Айта кетейік, 2026 жылы облыс бойынша 6600 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар еңбек нарығына қолжетімділікті арттыруға және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық белсенділігін күшейтуге бағытталған.
