Бәйдібек ауданы әкімдігінің алдында «Заң мен тәртіп – қоғам айнасы» атты іс-шара өтті.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев ашып, құттықтау сөз сөйледі және қоғамдағы бейбіт өмір мен тұрақтылықтың басты кепілі – заң мен тәртіп екендігін атап өтті.

Шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, интернет алаяқтықтың, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғалары мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ жастардың бойында «тәртіп – тыныштық кепілі» қағидатын қалыптастыру болды.

Көрермендер назарына қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау тақырыбында арнайы әзірленген бейнеролик ұсынылды.

Сондай-ақ Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы сөз сөйлеп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Жиын соңында ұйымдастырушылар қоғамдағы тәртіп пен әділдіктің сақталуы – әр азаматтың жауапкершілігі мен парасаттылығына тікелей байланысты екенін атап өтіп, тұрғындарды заңға бағынуға, өз ортасында құқықтық мәдениетті нығайтуға шақырды.

Аталған іс-шара барысында жиналған тәжірибе мен жұмыс нәтижелері Сайрам аудандық полиция басқармасына жолданды.