
Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, бірқатар білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздарды «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, жиынға қала және ауыл аймақтардан 500-ге жуық ардагер ұстаздар, кәсіподақ төрағалары, педагогтар мен жас мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жалпы мерекелік шарада 100-ден астам білім қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгілері мен алғыс хаттары, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды. Салтанатты шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.