Ұлттық домбыра күніне орай, аудандық орталық стадионда “Ғасырлармен үндескен – домбыра” мерекелік шара ұйымдастырылды. Қазақ халқының рухани құндылықтарын насихаттауға бағытталған бұл шараға 200-ге жуық адам қатысты.

Мерекелік жиынның басты мақсаты – ата-бабамыздан мирас болған киелі домбыра аспабының ұлттық болмысымыздағы ерекше орнын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа оның қадір-қасиетін жеткізу.

Мерекенің ең әсерлі сәті — қатысушылардың бір мезетте бірдей күй шертiп, домбыра кескінін бейнелеуі болды. Бұл көрініс — қазақ халқының бірлігі мен рухани тұтастығының жарқын символына айналды.Домбыраның күмбірлеген үні көрерменнің рухын көтеріп, әсерлі көңіл-күй сыйлады.

Бұл шара Қазығұрт жұртшылығы үшін тек бір күндік мереке ғана емес, ұлттық өнерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті тағы бір мәрте айшықтаған ерекше мәдени оқиға болды.