Төлеби ауданы Ленгір қаласында Астана күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы Жанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын елдің басты мерекелерінің бірі – Астана күнімен құттықтады.

Астана күні құтты болсын! – деді ол өз сөзінде. – Елордамыз – еліміздің тәуелсіздігінің, бірлігінің, болашағының символы. Баршаңызды осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!

Жиында мерекеге орай, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, Тәуелсіздік саябағын әсем әнге бөлеп, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.