
2018 жылдан бастап шілде айының алғашқы жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні ретінде кеңінен аталып өтуде. Бұл — халқымыздың рухани байлығы мен мәдени мұрасын ұлықтайтын ерекше күн.
Домбыра — қазақ халқының табиғи, төл аспабы. Төрт мың жылға жуық тарихы бар қос ішекті, шертіп ойнайтын бұл музыкалық аспаптың қоңыр үні – талай жүректі тербеп, ұлттың үніне айналды. Бүгінде домбыра өзінің ерекше болмысымен Гиннес рекордтар кітабына енген және ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
Қазақтың киесі мен қасиеті саналатын домбыра – тарихымыздың, рухымыздың, салтымыздың, өнеріміздің көрінісі. Белгілі ақын Қадыр Мырза Әлі:
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»
деп айтқандай, домбыра — қазақ болмысының айнасы.
Бұл күні Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды күй алыптарының мұрасы жаңғырып, күй өнерінің жаңаша тынысы ашылады.
Ұлттық домбыра күні – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарқын көрінісі, ұлттық болмысымыздың тірегі, мәдени коды.
Бабалардан аманат болған құндылықтарымыз мәңгі жасай берсін!
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – ҰЛЫ МҰРАТЫМЫЗ!
ДОМБЫРА – ҰЛТ РУХЫН ОЯТАТЫН ҚАСИЕТТІ АСПАП!
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!