15 ақпан — Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағында және аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылып, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Алдымен, саябақтағы сарбаздар сап түзеген мемориал ескерткішке ауған соғысының ардагерлері, аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан тұрғындары2020 шекара әскери бөлімі сарбаздары гүл шоқтарын қойып, соғыс майданында қаза болған боздақтарды еске алды. 1 минуттық үнсіздік жарияланып, қаза болған жерлестерімізге арнап құран бағышталды.

Іс-шара аудандық мәдениет үйіндегі өткен салтанатты жиынмен жалғасты. Аталған іс-шараға аудандағы ауған соғысы ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан жастары және әскери бөлімнің жас сарбаздары қатысты.

Жиында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ауған соғыс ардагерлеріне сұрапыл соғыста батырлық пен батылдық танытып, отан алдындағы борышын абыроймен атқарған ерліктері және ауданның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектері үшін арнайы алғыс хаттар табыстады. Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, келушілерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.