Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 13 ақпан күні алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Акбазов Тойшыбектің ұйымдастыруымен «Ауған соғысы ардагерлеріне мәңгілік тағзым» тақырыбында кездесу өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Отан алдындағы борышын адал атқарған ардагерлердің ерлігін насихаттау, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Ардагерлер сұрапыл жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, Отанды қорғаудың маңыздылығы туралы ой қозғады. Сондай-ақ, оқушылар өздерінің ардагерлерге арнаған өлеңдерін оқып, патриоттық әндер шырқады.

Шара соңында мектеп әкімшілігі қонақтарға алғыс айтып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Сонымен бірге, Жетісай аудандық ОКЖ-не қарасты Жаңа ауыл ауылдық округі, Ынтымақ ауылының №9 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен №20 Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай көпшілік оқырмандармен кездесу өтті.

“Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі” атты бұл шараға Ақылбеков Қалжанбек Әсетұлы қатысып, өз естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында қонақ ерліктің маңызы, патриотизм және жас ұрпаққа тәуелсіз елдің қадірін түсіндіру туралы ойларын ортаға салды. Іс-шараға мектеп оқушылары белсене атсалысып, қонаққа өз сұрақтарын қойды.