Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күніне орай ардагерлермен кездесіп, мерекелерімен құттықтады. Алғыс хат пен сый-сияпат табыс етіп, құрмет көрсетті. Еркін тақырыпта пікір алмасып, ауданда түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ауғанстан соғысы ардагерлерінің «Ерлікке тағзым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегалы Омарбеков бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Ардагерлер өткен жолғы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлерінің орындалғанын айтып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі таңда ауданымызда 18 Ауған соғысына қатысқан ардагер бар. Олар түрлі салада қызмет етіп келеді. Бір жолғы жәрдемақы төленіп, қосымша емдеу-сауықтыру демалыс орындарына жіберілуде.