
Бүгін Сарыағаш қаласы, “Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық” колледжінде «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Нодиржон Хасантаевтың төрағалығымен ауданның белсенді жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-і Сарыағаш аудандық филиалының маманы Зағипа Полатова және аудандағы әр салада жетістікке жеткен көшбасшы жастар қатысты.
Жиында сөз алған Н.Хасантаев жастардың ынтымақ пен бірлікті сақтаудағы рөліне тоқталды және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жастар тарапынан атқарылатын іс-шаралар барысы жайында сөз қозғады.
Сонымен қатар кездесу барысында көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде Сарыағаш ауданы “Ассамблея жастарының” төрайымы болып “Абу Али ибн Сина” жоғары колледжінің 1 курс студенті Эвелина Шураева сайланды.