
15-ші ақпанда Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 36 жыл толды.Осы датаға орай елімізде, сол сұрапыл жылдары Отан алдында борышын өтеген жауынгерлерге құрмет көрсетіледі.
Сайрам ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Ауғанстан жерінде қайтыс болған боздақтар мен бейбіт кезде қайтыс болған Ауғанстан Демократиялық Республикасы ардагерлеріне Сайрам ауданының бас имамы А.О.Оспанов Құран бағыштады, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Ауғанстан Демократиялық Республикасы жерінде қайтыс болған боздақтар 1 минут үнсіздікпен еске алынды.
Сайрам ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Г. Т. Балгынбаев мырзалар жиналғандарға өз алғыс-тілектерін білдірді.
Ақсукент ауылындағы Қ. Жандарбеков атындағы «Аудандық мәдениет үйі»-де Ауғанстан Демократиялық Республикасы ардагерлерге құттықтау сөздерін жеткізу үшін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Б.Әліпов мырза іс-шараға қатысушыларға, ауған соғысы — жауынгер ардагерлеріне құтты болсын айта отырып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Ауғанстан Демократиялық Республикасы ардагерлері мен Қ. Жандарбеков ат. «Аудандық мәдениет үйі»-де Сайрам ауданының ЖББМ-ң 10-11 сынып оқушылары, колледж студенттері және «Жас Сарбаз» оқушылары қатысу мен 2025 ж. көктемгі әскери қызметке шақыру, әскери-патриоттық жастарды тәрбиелеу және Отан алдындағы борышын адал атқару, әскери патриоттық сыныптар ұйымдастыру, қозғалысын дамыту үшін ерлік сабақтарын өткізу және сұхбаттасу іс-шаралары өткізілді және Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуына 36 жыл толуы мерекесіне орай мерекелік концерт қойылып, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы тумалары, Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаратын бөлімше командирі, сержант Х. А. Юлдашбеков және Ақтөбе қаласындағы Бигельдинов атындағы Әуе Қорғаныс әскери институтының 1-курс курсанты Р.З.Иристаев әскери бөлімнің және әскери жоғары оқу орнының қызметі мен тарихын мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне жеткізіп, болашақта әскери қызметке және жоғарғы әскери оқу орындарына түсуге шақырды.