15 ақпан —«Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне» орай «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кеші Сайрам ауданы, Ибрагим ата атындағы ЖББМ-де өтті.

Тарихи күнге арналған кездесу кешінің қонақтары, Ауған соғысының ардагерлері —Тожимурод Ахмедов пен Расулмат Пирназаров. Мектеп директоры Ф.Исмайлова сөз алып, ауыр күндегі қиын естелікпен бөліскен ардагер ағаларға алғысын білдіріп, мектеп атынан сый-құрмет ұсынды. Оқушылар «Ауған ақиқаты» тақырыбында баяндама, рухты өлең-жырлар оқып, әрі қарай концерттік бағдарламаға жалғасты. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ш. Ирисдавлетовтің шәкірттері қару-жарақ түрлерін тез, әрі жылдам шашып-жинау әдіс-тәсілдері мен қатар, келешек жас ұландардың Отан алдындағы борыштарын өтеуге дайындықтарын көрсетті. Манкент және Манкент 2 ауылдық кітапханаларының кітапханашылары Ауған соғысы ардагерлеріне деген құрмет қалыптастыру және олардың әрекеттерін болашақ ұрпақтың жадында сақтау мақсатында жасақтаған «Ауған соғысы — тарихтың қасіретті парағы» атты кітап көрмесіндегі кітаптарға библиографиялық шолу жасады.

Ауған ардагерлері жауынгерлік жолдастарын еске алып, өз ерліктерін айтып, жас ұрпақты өз Отанын шексіз сүюге және оның лайықты қорғаушысы болуға шақырды.