
Қазақ би өнері – халқымыздың ежелден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Ол сан ғасырлар бойы қазақ ұлтының тұрмыс-салты, дүниетанымы, тарихы мен құндылықтарын бейнелей отырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келеді.
Би өнері қазақ халқының эстетикалық танымын, әдемілікке деген көзқарасын қалыптастыратын және ұлттық би өнері елдің рухани құндылығын дәріптейтін жанр екенін насихаттау, ұлттық би жанрын дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында аудандық мәдениет сарайында «Биле, биле жас талант» атты аудандық ұлттық би байқауы өтті. Байқау екі кезең , яғни, бірінші кезең ұлттық би, екінші еркін тақырыпта өтіп, аудан бойынша 15 үміткер би топтары қатысып сынға түсті.
Байқауда аудандық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Тантабаева Мейрамкул Садықұлқызы және аудандық мәдениет сарайының хореограф әрі әншісі Данбаева Гүлшат, мәдени жетекші Қосаева Балнур Сайрамбайқызы қазылық етті.
Қазылар алқаларының шешімімен байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Шарапхана ауылынан «Тұмар» би студиясы иеденді. Жүлделі бірінші орынды Рабат ауылынан «Керім-ай» би тобы, жүлделі ІІ орынды Қазығұрт ауылынан қатысқан «Ерке-Айым» тобы мен Үшбұлақ ауылынан «Гүлдер» би тобы өзара бөлісті. Жүлделі ІІІ орын үш би тобына бұйырыпты, Шанақ ауылынан қатысқан «Самға» би тобы, «Шұғыла», «Жан ару» би топтары өзара бөлісті. Аталған байқаудың арнаулы номинациясы бойынша «Үздік жетекші» номинациясымен Ершебек Жансая, «Үздік костюм» номинациясымен «Нұр шашу», «Ерке-Айым» би топтары ие болды, «Үздік би» тобы номинациясымен «Шабыт» би топтары марапатталды. Байқауға қатысушы барлық қатысушы топтар мен жетекшілеріне арнайы сыйлықтар мен «Диплом» табыс етілді.