Бүгін Бәйдібек ауданында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай мекемелер арасында волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен ауған соғысы ардагерлерін ұлықтауды мақсат етті.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақаділ Болатұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының тарихи маңыздылығын атап өтіп, бұл күннің ерлік пен қайсарлықтың символы екенін жеткізді.

Турнирге аудан мекемелерінен бірнеше команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жеңіс үшін барын салып, жанкүйерлерге әсерлі сәттер сыйлады. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар марапатталып, үздік ойыншыларға арнайы сыйлықтар табысталды.