Бүгін Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық мәдениет үйінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауғанның өшпес оты» атты кездесу кеші болып өтті.

Кешке Балықты ауыл округі әкімі Джаналиев Дастан Бауыржанұлы, Балықты ауыл округі Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Имашев Тілеуберді, кітапхана саласының үздігі Талдыбеков Әбілғазы ағалар қатысып өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Имашев Тілеуберді ағамыз «Ауған ардагерлеріне» атты өлеңін оқып берді.

Балықты ауылдық мәдениет үйі драма үйірмесінің мүшесі Жандарбек Динара «Ауғанда болған ардагер» өлеңін оқыды. Кешке қатысқан қонақтар Ауған соғысы туралы ой пікірлерімен бөлісті.

Ауған соғысы — 1979 — 1989 жылдар арасында созылған КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды.Он жылға созылған Ауған соғысында 620 мыңға жуық Кеңес әскерлері қатысты, оның ішінде Қазақстаннан Ауған соғысына 22269 жауынгер қатысты.

15 ақпан — Ауғанстан ардагерлерінің мерекесі, қаза болған жауынгер-интернационалистерді еске алу күні. Қазақ әскерлері батылдықпен күресіп, соғыста ержүректілік танытты. Батылдық көрсеткені үшін 86 сарбазға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстанның көптеген қалаларында Ауған соғысында қаза болғандарға арнап мемориалдық кешендер орнатылды.