
Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Астана қаласына гастрольдік сапармен барды. Театр ұжымы Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Қайдасың, Гауһар?» драмасын көпшілік назарына ұсынды.
Сапар барысында өнерпаздардың біліктілігін шыңдау мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, профессор, театр режиссері Асхат Маемиров Жетісай театрының шығармашылық тобына үш күн бойы шеберлік сағаттарын өтті. Дәл осы шығармамен театр ұжымы 1-5 қазан аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық ХХХ Қазақстан драма театрлар фестиваліне қатысады деп жоспарлануда.