
Сауран аудандық Жастар орталығы жанынан құрылған “Сыр мен сымбат” қыз-келіншектер клубының 1 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара өтті.
Аталған клубтың негізгі мақсаты – жасөспірім қыздар, жас келіндер, Аналар алқасы мен Әжелер алқасын біріктіре отырып, өзін-өзі дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық дәстүрлерді зерделеуге және жеке тұлғаны жетілдіруге бағытталған ортақ алаң құру.
Мерекелік жиынға арнайы қатысқан Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қыз-келіншектер мен Аналар алқасына жылы лебізін білдіріп, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, белсенділік танытқан аналарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Аналар мен қыз-келіншектер ұлттық дәстүрімізді насихаттауға арналған көрме ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.