Төлеби ауданында «Еңбегімен ер сыйлы…» жұмысшы мамандарды марапаттау іс – шарасы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялаған болатын.

Осы орайда бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық және ауылдық мәдениет үйлеріндегі жұмыс атқарып жатқан жұмысшы мамандық иелерін марапаттау іс – шарасы өтті.

Шарада Ленгір қаласының әкімі М.Жұмабаев пен аудандық маслихаттың депутаты Е.Жабаев жұмысшы мамандарды құттықтап мерекеге орай аудан әкімінің, аудандық маслихаттың және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.

Жиын барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері келген азаматтарға әсем әндерін тарту етті.