
Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ақпараттық-насихаттық тобы Төлеби ауданында кездесу өткізді. “Сұлтан рабат” жалпы білім беретін мектебінде өткен жиынға аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.
Жиын алдымен өткен жылы өмірден озған қоғам белсендісі, Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы болып қызмет еткен Османәлі Қадыровты еске алудан басталды.
Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадыр Ирсметов модераторлық еткен жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығының аясында өтетін іс-шаралар туралы сөз болды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар бірлестікке Төлеби ауданы бойынша жаңа төраға сайлау бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі туралы кеңінен тоқталып, түрлі этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау арқылы елдегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірегей институт екеніне атап өтті.
Аудан ақсақалдары атынан сөз сөйлеген Анормат Сартаев, бірлестік белсенділері Хурбиви Адилова, Анормат Османов, Атабай Рахимғазиев, Мавлуда Юсупова, Толқын Сулейманов, жастар атынан пікірін білдірген Шахбек Ирисматов татулықты ту етіп, елдің бірлігі жолында аянбай еңбек ететіндіктерін және Ассамблеяның 30 жылдығына орай өтетін іс-шараларда белсенділік танытатындарын жеткізді.
Сонымен қатар, «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің Директор-Бас редакторы Райымжан Алибаев 34 жылдан бері оқырмандарымен қауышып келе жатқан төл басылымға жазылуда аудан тұрғындарын белсенді болуға шақырды.