
Сайрам аудандық Жастар Ресурстық Орталығы және «Таулы Қарабақ ұрыс қимылдары ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі» филиалының бірлескен жоспары аясында №11 Манкент ЖББОМ «Кешегі майдан – бүгінгі ерлік» тақырыбында рухани — патриоттық кездесу өтті.
Келелі жиынға ҚР мәдениет қайраткері, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы аудандарының құрметті азаматы Сейдуалы Темірбаев, Түркістан облысның құрметті азаматы Сайрам аудандық маслихатының депутаты Сихымбай Сағындықов, «Таулы Қарабақ ұрыс қимылдары ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Бахтияр Батаев пен ардагер азаматтар, Сайрам аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің маманы Лейтенант Жиеналиев Бақкелді Сархытбай ұлы мен Сайрам АПБ ЖПҚ КтІЖБ инспекторы полиция майоры Сайипов Шермухаммад Кудратиллаевич арнайы қатысып жастарға ұлттық құндылықтар, рухани байлық пен патриотизмнің жастар тәрбиесінде алар орны туралы өнегелі ойларымен бөлісіп өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қаһармандық пен батырлықты ұлықтап, жастарымызға патриоттық тәрбие беру және ел қорғаған батырларға құрмет көрсету.
Мұндай кездесулер жастардың патриоттық сезімдерін тереңдетіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға зор ықпал етеді. Кездесу соңында ардагер ағаларымыз жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мектептегі «Жас сарбаз» үйірмесінің оқушылары әскери өнерлерін көрсетіп, жиналған жұртшылықтың жадында ерекше әсер қалдырды.